5 желтоқсан 2019 жыл
Алматы облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы Талғар аудандық жастар денсаулық орталығымен бірлесіп Талғар қалалық орта мектеп оқушылары арасында акция өткізді.
Облыстық ЖИТС орталығы алдын-алу бөлімінің маманы О.Потуданская Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы акцияның мақсаттарын айтып, «АИТВ және ЖИТС» ұғымын түсіндірді.
Талқылау барысында оқушылар АИТВ-ның берілу жолдарын білді, әр адамның жауапкершілікті мінез-құлқы АИТВ-ның алдын-алу нысаны екенін ұқты.
Кездесу барысында балалар өз пікірлерін білдіріп, пікірталастарға белсенді қатысты. Кездесу соңында тыңдаушылар АИТВ жұқпасы бар адамдардың емі мен өміріне қатысты қызықты сұрақтар қойды.
https://www.almaty-obl-aids.kz/kz/images-new/561.docx#sigFreeId6f6a18497f