Created: 26 Сәуiр 2019
721

«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті

26 сәуір 2019ж.

 

2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында медициналық кадрлар тапшылығын шешу – еліміздің басым бағыттарының бірі.. 

 

Осыған орай бүгін С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ғимаратының «Concordia» театрында биылғы түлектерге арналған дәстүрлі «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілді.

 

Жәрмеңкеге еліміздің аймақтарынан денсаулық сақтау ұйымдары, клиника мен емханалардың басшылары мен қызметкерлері, Алматы облыстық ЖИТС орталығының мамандары, сондай-ақ медицина орталықтары мамандарын жетілдіру және даярлау бойынша арнайы қызметкерлер қатысты. 

 

Жұмыс берушілер тікелей бітіруші студенттермен тілдесіп, оларға жұмысқа орналасуға өз көмектерін ұсынды.

.