17 маусым 2019 ж.
Талдықорған қаласының №18386 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен жеке құрамы АИТВ-ның берілу жолдары, диагностикасы және емдеу туралы білімдерін толықтырды.
- Иммундық тапшылық жұқтырудың алдын алу ауруды анықтағаннан кейінгі өмірді ұстап тұрудан әлдеқайда оңай. Науқасты толық емдейтін вакцина әлі ойлап табылған жоқ. АИТВ -ның алдын алу денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік саланың барлық мекемелерінің негізгі желісі болып табылады, - деп бастады семинарды Алматы облыстық ЖИТС орталығының мамандары Д.Серікболатов пен И.Баймолданов.
«Өз серіктесіңе деген махаббат пен адалдық – ЖИТС-тен қорғану кепілі. Кездейсоқ байланыс ана болу бақытына қауіп төндіреді. Жұқпа нашақордың инесі арқылы қанға түседі».
Осы ұғымдар қарапайым қағидалар болғанымен, тыңдаушыларды тың ойларға жетелеп, бүгінгі қоғамдағы жүріс-тұрыстан мол мағлұмат берді. Сондай-ақ, олар МӘМС кезіндегі стигма мен кемсітушілік, мемлекеттік кепілдіктер туралы білді.
Семинарға 182 адам қатысты.
295 АОҚ, 4 плакат таратылды.
https://www.almaty-obl-aids.kz/index.php/kz/component/content/article?id=299#sigFreeIdfd7dc8fc17