10 маусым 2019ж.
7 маусым күні «Жигули» және «Алматы бояулары» ЖШС қызметкерлері үшін тұрғындар арасында АИТВ жұқпасының алдын алу бойынша семинар өткізілді.
Спикер болып Алматы облыстық ЖИТС орталығының маманы Д. Серікболатов сөз сөйледі.
Күн тәртібінде аймақтағы АИТВ жұқпасы бойынша эпиджағдай, МӘМС кезіндегі мемлекет кепілдігі, стигма және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілік мәселелері қозғалды.
Дәрігерлер «АИТВ жұқпасының алдын алу мен берілу жолдары» атты слайдты ұсынды.
Семинардың қорытынды бөлімінде тыңдаушылар сұрақтар қойып, оларға толық жауап алу мүмкіндігіне ие болды.
Қамту - 74 адам. АОҚ мен плакаттар таратылды.
https://www.almaty-obl-aids.kz/index.php/kz/foto-video/novosti/317-vich-i-biznes#sigFreeIdd212b76801