Created: 19 Сәуiр 2019
1012

Босандыру қызметі қызметкерлерімен оқыту семинары өтті

19 сәуір 2019ж.

 

Босандыру қызметі қызметкерлерімен оқыту семинары өтті

 

Бүгін Алматы облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары аймақтық босандыру қызметінің қызметкерлерімен АИТВ-ға экспресс-тестілеу сапасын бағалауды енгізу шеңберінде оқыту семинарын өткізді.

 

Шара мақсаты - босандыру қызметінде жүргізілетін экспресс-тестілеулердің сапасын арттыру және тәжірибелік дағдыларды жақсарту, сондай-ақ АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу бойынша жұмысты күшейту.

 

Семинарды ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің дәрігер-эпидемиолог Н.Федорова  кіріспе сөзбен ашты,  жұқпалы аурулар дәрігері Ж.Кусаинова алдын-ала/ соңғы тестілеу жүргізді, ал зертхана маманы Р. Юсупова АИТВ-ға экспресс-тестілеу  техникасы бойынша мастер-класс өткізді.

.