Created: 03 Маусым 2019
682

ТЖК жолсеріктеріне арналған семинар

3 маусым 2019ж.

 

Халық арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша білім деңгейін көтеру мақсатында Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары ҮЕҰ өкілімен бірлесе отырып, Транспорттағы денсаулық қауіпсіздігін қорғау Департаменті Алматы бөлімшелік басқармасы басшылары мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Оңтүстік» аймақтық филиалына қарасты теміржол көліктері жолсеріктері  арасында семинар өткізді.

 

Алматы облысындағы эпидемиологиялық жағдаймен, АИТВ жұқпасының алдын алу шараларымен, стигма мен кемсітушілік түсініктерімен танысқан қатысушылар жедел-тестілеу әдісімен өз статустарын білді.

 

600 АОҚ таратылды.  Жедел-тестілеу әдісін 15 адам пайдаланды.