22 сәуір 2019ж.
19-21 сәуір аралығында «Денсаулық» сауықтыру орталығының базасында (Алматы облысы, Түрген шатқалы) Фридрих Эберт атындағы қордың қолдауымен «Кәсіподақ көшбасшыларына арналған негізгі құзыреттіліктер. Әлеуметтік журналистика» тақырыбында көшрелі семинар болып өтті.
3 күндік семинарды «Камеда» ҚҚ атқарушы директоры Махаббат Еспенова және әлеуметтік журналистика жөніндегі сарапшы Татьяна Өтеулиева жүргізді.
Семинар қорытындысы бойынша сертификаттар тапсырылды. Біздің орталықтан тренингке дәрігер-эпидемиолог А. Қалмахан қатысты.
.