Created: 25 Мамыр 2019
736

АИТВ-дан зардап шеккендерді еске алды

23 мамыр 2019ж.

 

Талдықорған қаласының «Авиценна» медициналық колледжінің студенттері арасында «Өмір сүру үшін есте сақтаймыз» ұранымен ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алудың Халықаралық күніне арналған акция өткізілді.

 

Алматы облыстық ЖИТС орталығы филиалының мамандары Д.Серікболатов пен И.Баймолданов «АИТВ және ЖИТС», «берілу жолдары», «алдын алу шаралары», «АИТВ диагностикасы мен емі» туралы сұрақтарға жауап берді.

 

Дәрістен кейін болашақ мамандардың білім деңгейін анықтау үшін «АИТВ/ЖИТС туралы не білеміз?» атты викториналық ойын ұйымдастырылып,  студенттер концерттік бағдарламасын ұсынды.

 

Іс-шара соңында эпидемиолог-дәрігерлер естелік күннің маңызына тоқталды, ал студенттер  Вольфганг Амадей Моцарттың Lakrimosa шығармасының әуенімен аудиторияға түрлі-түсті квилт енгізді, онда АИТВ-жұқпасынан зардап шеккен ұлдар мен қыздардың есімдері қолмен тігілген.

 

Акция қатысушылары ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды бір минуттық үнсіздікпен шырақ жағып еске алды.