Created: 14 Мамыр 2019
1294

ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алудың халықаралық күні Еңбекшіқазақ ауданында басталды

14 мамыр 2019ж.

 

19 мамырда елімізде «Өмір сүру үшін есте сақтаймыз!» ұраны аясында өтетін Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні қарсаңында Алматы облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданының жалпы білім беру мекемелері мен бизнес-құрылымдарында семинар-акция өткізді.

 

Дәрігер-эпидемиолог У. Құрбанова және эпидемиолог көмекшісі О.Потуданская Есік қаласындағы  Р.Тоқатаев атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен және ұстаздар қауымымен кездесу өткізді.

 

Дәрігерлер жастарға АИТВ-жұқпасының алдын алу шаралары, берілу жолдары және қорғану тәсілдері туралы айтып, ақпараттық-білім беру материалдарын таратты.

 

Іс-шараға 209 оқушы мен 59 мұғалім қамтылды.