Created: 08 Мамыр 2019
1159

Ауыл мектептерінде семинарлар өтті

8 мамыр 2019ж.

 

Кеше, 7 мамыр күні, Алматы облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог көмекшісі О.Потуданская Еңбекшіқазақ ауданына қарасты  ауылдық мектептерде «АИТВ жұқпасының алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.

 

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың АИТВ-мен өмір сүретін балаларға деген ізгілікті қарым-қатынасын тәрбиелеу, сондай-ақ педагогтардың АИТВ жұқпасының таралуынан хабардар болу деңгейін арттыру.

 

Бәйтерек ауылдық Әл-Фараби атындағы орта мектеп, Ават ауылдық Мухамади атындағы және Космос ауылдық Жансүгіров атындағы орта мектеп оқушылары мен оқытушылары дәрістерді қызыға тыңдап, сұрақтарын қойды.

 

Тыңдаушыларға ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.