Created: 28 Қазан 2019
1113

Іле ауданында алдын алу жұмыстары жүргізілді

28 қазан 2019ж.

 

Алматы облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігерлері А.Сұлтанова мен М.Чажаева бүгін  Іле ауданында АИТВ жұқпасының алдын алу жұмыстарын жүргізді.

 

Алдымен Боралдай ауылындағы №03825 және №2177 әскери бөлімдерде, сондай-ақ Жетіген ауылындағы №2022 әскери бөлімде семинар өткізіп, сарбаздармен пікірлесіп қайтты.

 

Түстен кейін мамандар Ащыбұлақ ауылындағы Евразиялық көпбейінді колледжде  студент-жастармен, оқытушы ұстаздармен кездесіп, көпшілікті өңірдің эпиджағдайымен таныстырды, АИТВ жұқпасының берілу, алдын алу шараларын түсіндірді.

 

Іс-шараларға 300-ден аса адам қатысты. Барлық қатысушыға ақпараттық-оқыту материалдары таратылды.