19 қараша 2019 жыл
Жастар денсаулығын сақтау орталығымен бірлесе отырып, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында Талдықорған ауылшаруашылық колледжінің студенттерімен АИТВ жұқпасының алдын алуға арналған семинар өткізілді.
Aлматы облыстық ЖИТС орталығына қарасты Талдықорған филиалының эпидемиологы М.Матембаева студенттерге Дүниежүзілік науқанның мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді, стигма және кемсітушілік ұғымдарын ашты және слайдтарды қолдана отырып, аймақтағы соңғы 10 айдағы эпидемиологиялық жағдайды түсіндірді.
Семинарға қатысушылар белсенділікпен сұрақтар қойып, жан-жақты жауап алды. Соңында қатысушылар семинардың қызықты және өте мазмұнды болғанын атап өтті және мұндай бірлескен іс-шаралар пайдалы және алған білімдері олардың болашақ өмірлерінде көмектесетінін алға тартты.
Тыңдаушылар саны - 58 адам.
https://www.almaty-obl-aids.kz/index.php/kz/foto-video/novosti/503-deni-sau-bolsa-k-p-tabys-tabasy#sigFreeId8468e5407c