26 қараша 2019 жыл
Талғар аудандық ауруханасындағы Ашық есік күні
Талғар ауданының орталық ауруханасында тұрғындар үшін АИТВ-ның алдын-алуға арналған Ашық есік күні өтті.
Шараны облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары жастар денсаулық орталығымен бірлесіп өткізді.
Шара барысында аудан тұрғындары Алматы облысындағы АИТВ жұқпасының жай-күйі туралы біліп қана қоймай, сонымен қатар вирустың үш жолмен: қан арқылы, жыныстық қатынас арқылы және анадан балаға берілетінін анық түсінді. Сондай-ақ, экспресс-тестілеу арқасында өз АИТВ-статусын білуге және ЖИТС орталығы мамандарынан кеңес алуға мүмкіндік алды.
https://www.almaty-obl-aids.kz/index.php/kz/foto-video/novosti/523-memlekettik-k-siporynda-da-seminar-tti#sigFreeId45660de272