26 қараша 2019ж.
Алакөл аудандық полиция бөлімшесі жеке құрамымен, №40398 және №2484 әскери бөлімдердің сарбаздарымен кездесу 22 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқаны аясында өтті.
Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығына қарасты Талдықорған филиалының маманы Д.Серікболатов биылғы науқан ұранының («Қоғамдастықтық шешуші рөлі») мағынасын түсіндірді, соңғы 10 айдағы эпиджағдай туралы ақпарат берді.
Туберкулез, АИТВ жұқпасының алдын алу шаралары, стигма мен кемсітушілік мәселерін қозғап, қатысушылар сұрақтарына жауап берді.
Іс-шараларға 300-ден аса адам қамтылды.
https://www.almaty-obl-aids.kz/index.php/kz/foto-video/novosti/531-m-ms-ti-meditsina-yzmetkerlerine-pajdasy-andaj#sigFreeId42f87a6f99