26 қараша 2019ж.
Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұжымы бүгін орталық директорының емдеу ісі бойынша орынбасары, тәжірибелі де білікті маман Гаухария Қызырханқызы Уранкаева ханымды мерейлі 50 жасқа толған қуанышымен құттықтады.
Атпалдай азаматты өсіріп тәрбиелеген аяулы ана, немере баққан ардақты әже екендігіне қарамастан Гиппократ антына адал әріптесіміз ЖИТС орталығына көп жылдан бері еселі еңбегін арнап, ұйымдастырушылық қабілеті, ең бастысы – үлкен адамшершілік қасиетімен көпшілікке танымал болған Гаухария Қызырханқызына алдағы өмірде толайым табыс пен зор денсаулық тілейміз!
https://www.almaty-obl-aids.kz/index.php/kz/foto-video/novosti/533-zhits-pen-k-res-k-nine-arnal-an-aktsiya#sigFreeId042cf3460a