Created: 13 Желтоқсан 2019
1105

«Аяжан» медициналық колледжінде семинар өткізілді

3 желтоқсан 2019ж.

 

Шонжы ауылындағы "Аяжан" медициналық колледжінің студенттері арасында Ұйғыр ауданының жастар денсаулық орталығымен бірлесіп Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған «Қоғамдастықтың шешуші рөлі» тақырыбында семинар өткізілді.

 

Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Гүлмира Жақанова семинарға қатысушыларға Алматы облысындағы 2019ж. 10 ай ішіндегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді.

 

Студенттерді АИТВ-ға тексеру мәселелері қызықтырды.

 

Жастар денсаулық орталығының менеджері Камиллям Тоқтарбаева АИТВ жұқпасын алдын алудың пәрменді әдісі ретінде психо-әлеуметтік кеңес беру тақырыбын көтерді.

 

Семинар соңында қатысушыларға оқу бейнефильмі көрсетілді.

 

Іс-шараға 73 адам қамтылды.