Created: 13 Желтоқсан 2019
624

Қоғамдасудың маңызы түсіндірілді

3 желтоқсан 2019ж.

 

Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Г. Жаканова Шонжы ауылының №9 кәсіптік-техникалық колледжінде «қоғамдастықтың шешуші рөлі» тақырыбында семинар өткізді.

 

ЖИТС орталығының маманы АИТВ жұқпасының алдын алу, берілу жолдары, зертханалық тексерудің уақтылығы, жұқпалы аурулардың алдын алуда салауатты өмір салтын жүргізудің салдары, маңызы туралы айтып берді.

 

Өз сөзінде жастар денсаулық орталығының менеджері К. Тоқтарбаева қоғамдасудың маңызы зор екендігін атап өтті.

 

Қатысушыларға бейнематериалдар көрсетіліп, АОҚ, плакаттар таратылды.

 

Семинарға 321 адам қамтылды.

 

{gallery}/00/e{gallery}