Created: 25 Желтоқсан 2019
935

Жапек батыр ауылында семинар өтті

18 желтоқсан 2019ж.

 

Біздің мамандар А.Сұлтанова мен М.Чажаева Іле ауданы, Жапек батыр ауылына ат басын бұрып, АИТВ жұқпасының алдын алу шараларын жүргізді.

Дәрігер-эпидемиологтар №36 орта мектеп оқушылары мен ұстаздарына семинар ұйымдастырып, АИТВ жұқпасы  мен ЖИТС туралы, АИТВ-ның берілу мен алдын алу мен шаралары, облыстағы эпидемиологиялық ахуал жайлы негізгі мағлұматтарды берді. 

 «АИТВ жайлы шындық» атты бейнефильмді көрген сон жасөспірімдердің сұрақтары туындады. Мамандар оқушылардың сұрақтарына толықтай жауап беріп, ақпараттық-оқыту материалдарын таратты.