Created: 25 Желтоқсан 2019
709

Зауыт жұмысшыларымен әңгіме

23 желтоқсан 2019ж.

 

Қаскелең қаласындағы  «Қарасай көлік жасау зауыты» мен «Коппо Италия» ЖШС-тері жұмыскерлерімен АИТВ жұқпасының алдын алу жайлы семинар өткізілді.

 

Алматы облыстық ЖИТС орталығының мамандары М.Чажаева мен О.Потуданская жұмыскерлерге жұқпаның берулі мен қорғану жолдарын айтып түсіндірді, аймақтағы эпидемиологиялық жағдайдан хабардар етті.

 

Семинарға қатысушылар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, оған толыққанды жауаптар алды. Барлығына АОҚ таратылды.

.