Бүгін Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша біліктілігін арттыруды бастады.
МӘМС аясында медициналық ақпараттық мәлімет беру спикері болып директордың емдеу-алдын алу жұмысы бойынша орынбасары Г.Уранкаева тағайындалды.
Спикер орталық басшысы бекіткен жоспар бойынша 3 ақпанға дейін 6 сабақ өткізсе, бөлім меңгерушілері өз бөліміндегі медициналық қызметкерлерді каскад әдісімен МӘМС аясында медициналық ақпараттық жүйеде жұмыс жасауға үйретеді.