Created: 29 Қантар 2020
1030

АИТВ жұқтырған аналардан туған балалар жағдайын бірлесе талдау

Алматы облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында ЖИТС орталығы мамандары мен аудандардың ана мен бала жөніндегі директор орынбасарлары мен педиатр дәрігерлері бірлесе отырып, 2019ж. АИТВ жұқтырған аналардан туған  балалар жағдайын талдады.

Жиынды орталық директорының орынбасары Г.Уранкаева мен ҚДжИАҒО өкілі – жұқпалы аурулар дәрігері Ж.Ахметова кіріспе сөзбен ашты.

Аудандардың ана мен бала жөніндегі директор орынбасарлары  АИТВ жұқтырған аналардан жүктілік кезінде, босану және емізу кезінде жұқтырылған әр баланың тарихын баяндап берсе,  бөлім меңгерушілері Ж.Кусаинова, Д.Ибраимов оларға талдау жасады.