Created: 10 Тамыз 2020
719

10 тамыз - АБАЙ күні!

Бүгін Алматы облыстық ЖИТС орталығының мамандары Абай күнін атап өтті. Ұжым басшысы Б.Сауранбаев ұлтымыздың бойтұмары – Абай шығармалары адамдарды ізгілік пен бауырмалдыққа, адамгершілік пен парасаттылыққа, білім мен ғылым алып, адал еңбек етуге үндейтін, жақсылыққа жол сілтейтін темірқазық екеніне тоқталды. Директор орынбасары Г.Уранқаева, дәрігер-эпидемиологтар: Ә.Сұлтанова, Қ.Бесбаев, А.Байқайып ақын жырларын, өмірлік өсиетке айналған қарасөздерін оқыды.