Created: 25 Ақпан 2021
371

АИТВ-ның алдын алу мектеп басшылары үшін

АИТВ-ның алдын алу мектеп басшылары үшін

Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының алдын алу бөлімі мамандары 24 ақпан - 5 наурыз аралығында аймақтағы бүкіл аудан мектептері басшыларымен, эпидемиолог дәрігерлермен  «АИТВ жұқпасының алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастыруда. 

Кеше Іле аудандық орталық аурухана қызметкерлерімен бірлесе өткен онлайн бас қосуда гинеколог Р.Әзімқұлова, нарколог Б.Дәулетбаев, СӨС дәрігері Н.Үтембаева  ұстаздарға жасөспірімдер денсаулығына қатысты, атап айтқанда ерте жүктіліктің салдары, нашақорлықтың алдын алу туралы қысқаша шолу жасады.

Ал ЖИТС орталығы алдын алу бөлімінің меңгерушісі Г.Жақанова АИТВ жұқпасы бойынша соңғы эпиджағдай және індеттің алдын алу шараларымен таныстырып, сұрақтарға жауап берді.