Жаңалықтар

2019 жылдың 10 қаңтарында халық арасында АИТВ-жұқпасының алдын алу бойынша ақпараттану деңгейін арттыру аясында Алматы облыстық ЖИТС орталығының мамандары Іле ауданы бизнес-құрылымдарында, атап айтқанда: «Санкари Моторс», «Медиатекс-Н», «Райымбек-Алко», «Первый Пивзавод» ЖШС-терінде семинарлар ұйымдастырды.

24 желтоқсан 2018ж.


АИТВ-жұқпасының алдын алу мәселелері бойынша теміржол қызметкерлерінің білім деңгейін арттыру мақсатында Алматы облыстық ЖИТС орталығы мамандары Алматы бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Оңтүстік» аймақтық филиалында семинар өткізді.

21 желтоқсан 2018ж.

 

Еңбекшіқазақ және Талғар аудандары полиция басқармаларында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күнінің аясында «Өз мәртебеңді  біл» ұранымен семинарлар өтті. 

 

«Оперейшн Мерси» үміт, қабілеттілік және қоғам дамытудағы серіктестік өкілі, психолог Гүлмира Ильясова тәртіп сақшыларымен АИТВ жұқпасының алдын алу жайында жанды әңгіме өткізді.

20 декабря 2018 г.

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында біздің мамандар Іле ауданы Қоянқұс ауылының №47 және №1 орта мектептерінде акция өткізді.

19 желтоқсан 2018ж.

 

Талғар ауданы, Бесағаш ауылындағы №28 жалпы білім беретін мектептің мәжіліс залына жиналған ауданның барша мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психологтары Дүнижүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай ұйымдастырылған акцияның куәгері болды.

14 желтоқсан 2018жыл

Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында және Талдықорған қаласындағы бөлімшесінде 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі аталып өтті. 

13 желтоқсан 2018ж.

 

Мобильді қосымша АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көмектеседі

 

13 желтоқсан күні сағат 11.00-де Алматы қ. ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында АИТВ-мен  өмір сүретін адамдарға арналған (АӨА), вирусқа қарсы (АРВ) препараттарды қабылдауды жіберіп алмауға көмектесетін POZ.INFO мобильді қосымшасының тұсаукесері өтті.