Жаңалықтар

18 наурыз 2019ж.


16-17 наурыз 2019ж. Алматы облысының Түрген шатқалында орналасқан «Денсаулық» сауықтыру орталығында медициналық ұйымдардың Кәсіподақтары үшін «Команда құру және жаңа мүшелерді ынталандыру кәсіподақ мектебі» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

18 наурыз 2019ж.


«Жадыра» ЖШС қызметкерлері арасында «АИТВ жұқпасының алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.


ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық филиалының эпидемиолог-дәрігері  Р.Сахариев АИТВ жұқпасының берілу жолдары, алдын алу шаралары және Алматы облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

15 наурыз 2019ж.

 

Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымы 2016-2035 жылдарға арналған «Туберкулезді тоқтату» стратегиясындағы көрсеткіштерді төмендетудің мынадай келісім-мақсаттарын қойып отыр:

15 наурыз 2019ж.

           

13 наурызда Талдықорған агро-техникалық колледжінде «АИТВ жұқпасының алдын алу» тақырыбында семинар өтті.

14 наурыз 2019ж.

Бүгін Талдықорған қаласында Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы, СӨСҚ,  ЖИТС орталығы,  ҚДСД басшылары, ОТҚД фтизиатрлары және «Жетісу» телеарнасының қатысуымен Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған «2022 жылға дейінгі кезеңге арналған туберкулезге қарсы күрес бойынша БҰҰ-ның саяси декларациясының мақсаттарына қол жеткізуге өз үлесімді қосудың уақыты келді» ұранымен баспасөз конференциясы өткізілді.

13 наурыз 2019ж.


Алматы облысының Жастар ресурстық орталығында (Талдықорған қ.) Алматы облыстық ЖИТС орталығы мамандары «АИТВ-жұқпасының алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.