Created: 25 Сәуiр 2019
1158

Қарабұлақтық оқушылармен әңгіме өткізді

25 сәуір 2019 ж.

 

24 сәуірде Талдықорған қаласындағы филиал маманы Д.Серікболатов Ескелді ауданының орталығы – Қарабұлақ ауылдық орта мектебі оқушыларына семинар өткізді.

Дәрігер жасөспірімдерге Алматы облысы бойынша АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы, жұқпаның берілу және алдын алу шаралары жайлы егжей-тегжейлі түсіндіріп, бейнеролик көрсетті.

Елімізде еніп жатқан МӘМС жүйесі туралы да ақпарат беріп, қатысушылар сұрақтарына жауап берді.

Іс-шараға 44 адам қамтылды. 130 оқыту-ақпараттық материалын таратып, 2 плакатты сыйға тартты.