28 қазан 2019ж.
Алматы облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігерлері А.Сұлтанова мен М.Чажаева бүгін Іле ауданында АИТВ жұқпасының алдын алу жұмыстарын жүргізді.
Алдымен Боралдай ауылындағы №03825 және №2177 әскери бөлімдерде, сондай-ақ Жетіген ауылындағы №2022 әскери бөлімде семинар өткізіп, сарбаздармен пікірлесіп қайтты.
Түстен кейін мамандар Ащыбұлақ ауылындағы Евразиялық көпбейінді колледжде студент-жастармен, оқытушы ұстаздармен кездесіп, көпшілікті өңірдің эпиджағдайымен таныстырды, АИТВ жұқпасының берілу, алдын алу шараларын түсіндірді.
Іс-шараларға 300-ден аса адам қатысты. Барлық қатысушыға ақпараттық-оқыту материалдары таратылды.
https://www.almaty-obl-aids.kz/kz/zhanaly-tar/415-mobildi-osymsha-aitv-men-mir-s-retin-adamdar-a-k-mektesedi.html#sigFreeId6740a6cf80