20 желтоқсан 2018ж.

 

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында біздің мамандар Іле ауданы Қоянқұс ауылының №47 және №1 орта мектептерінде акция өткізді.

 

Жастармен және оқытушылармен кездесу АИТВ туралы білімді кеңейтуге, АИТВ-инфекциясының алдын алуға және денсаулыққа құндылық қарым-қатынасты насихаттауға бағытталған.

 

Алматы облысындағы АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы туралы дәрігер-эпидемиолог А.Сұлтанова айта келіп, АИТВ-жұқпасының алдын алу шараларына тоқталды.

 

Ал эпидемиолог көмекшісі О.Потуданская  сұрақ-жауап ойынын өткізіп, белсенді қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

 

Сондай-ақ 600 ақпараттық-оқыту құралдары таратылды.

 

Жалпы саны-370 адам қамтылды.