21 желтоқсан 2018ж.

 

Еңбекшіқазақ және Талғар аудандары полиция басқармаларында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күнінің аясында «Өз мәртебеңді  біл» ұранымен семинарлар өтті. 

 

«Оперейшн Мерси» үміт, қабілеттілік және қоғам дамытудағы серіктестік өкілі, психолог Гүлмира Ильясова тәртіп сақшыларымен АИТВ жұқпасының алдын алу жайында жанды әңгіме өткізді.

 

Ал эпидемиолог-дәрігер Әйгерім Сұлтанова облыстағы соңғы эпидемиологиялық жағдайды мәлімдей келіп, менингококк жұқпасы, туберкулез, кемсітушілік пен стигма жайлы түсіндіріп, сондай-ақ МӘМС артықшылықтарына тоқталды.

 

Іс-шараға 300 адам қамтылды. 1200 АОҚ таратылды.

 

15 адам жедел тестілеуден өтті.