5 ақпан 2019ж.

АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша медицина қызметкерлерінің білім деңгейін арттыру мақсатында Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлерімен семинар өткізілді.


Семинарда келесі тақырыптар талқыланды: облыстағы АИТВ жұқпасының эпиджағдайы, тұрғындарды скринингтен өткізу, ҚР ДСМ 23.06.2015 ж. №508 «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша адамдарды АИТВ-жұқпасының бар-жоғына міндетті құпия медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, сонымен қатар ҚР ДСМ 26.03.2018 ж. №126 «Жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» бұйрығы. Оның ішінде медицина қызметкерінің АИТВ-мен кәсіби байланысы, апаттық жағдайлар, олардың алдын алу, байланыстан кейінгі алдын алу, экспресс-тестілеу өткізу кезеңдері қаралды.


ЖИТС маманы қатысушылар сұрақтарына жауап берді.


Тыңдаушылар саны – 50 адам, оның  ішінде 4-еуі – дәрігер.


400 АОҚ мен 10 плакат таратылды.