6 ақпан 2019ж.


Алматы облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында орталықтың жұқпалы аурулар дәрігерлері медицина қызметкерлері үші «Ересектер мен балалардың қызылшасы. Диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамасын талдау» тақырыбында семинар өткізді.


Жас маман А. Шевелева қатерлі жұқпалы аурудың клиникалық жіктелуі мен симптомдары туралы слайдтар арқылы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ қызылша ауруына күдікті науқастарды анықтау кезінде дәрігер тактикасының алгоритмдерін түсіндірді.