11 ақпан 2019 ж.

Алматы облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының маманы Талғар ауданының студенттерімен АИТВ-жұқпасының алдын алу мәселелері бойынша кездесу өткізді.


Талғар политехникалық колледжі мен агробизнес және менеджмент колледжінде өткізілген ақпараттық-ағартушылық іс-шараларда эпидемиология және алдын алу кафедрасының эпидемиологы Г. Жаханова студенттерге АИТВ-ның берілу жолдары бойынша алдын алу іс-шараларын аудиториямен бірге талдап, АИТВ және ЖИТС ұғымдарын көрсетті. Ол сондай-ақ жастардың назарын менингококк инфекциясын алдын алуға аударды, МӘМС бойынша мемлекеттік кепілдіктер туралы түсіндірді.


Іс-шараларға 706  студент пен 212 оқытушы қатысты.


1000 ақпараттық-оқыту материалы таратылды.