Created: 17 Ақпан 2020
643

Іле ауданының бизнес құрылымдарында дәрістер өтті

Алматы облыстық ЖИТС орталығының маманы 13 ақпанда Іле ауданы, Өтеген батыр кентінде орналасқан шағын және орта бизнес басшылары мен жұмыскерлеріне арналған семинарлар өткізді. Атап айтқанда: «ЖЭО-3» филиалы, «АЖК» АҚ, ЖЭК, сондай-ақ «Эмкор», «Берикап Қазақстан», «Райымбек Агро», «Санкари Моторс» ЖШС-тері.

 

Семинар барысында эпидемиолог көмекшісі О.Потуданская аймақтағы эпидемиологиялық жағдай туралы баяндама жасады, жұқпаның берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы әңгімеледі және сұрақтарға жауап берді, «АИТВ: аңыз бен ақиқат» бейнефильмін көрсетті.

 

Іс-шаралар барысында маман ақпараттық-танымдық материалдар таратты. Іс-шаралар 100-ден астам адамды қамтыды.