Created: 22 Қараша 2021
274

Дәрігерлер Шеңгелдіде

18 қараша 2021 жылы Қапшағай қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық мектебі оқушылары арасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «АИТВ: әрбірін түсіну» атты семинар болып өтті.
Алматы облыстық ЖИТС орталығының мамандары Л.Абдукаримова мен А.Кенжебекова оқушыларға АИТВ жұқпасының алдын алу шаралары жайлы мағлұмат берді.
Қапшағай қалалық жастар денсаулық орталығының жетекші маманы Н.Жанұзақова дәрігерлерге маңызды ақпарат үшін алғысын білдірді.