Created: 25 Сәуiр 2022
205

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

26 сәуір 2022 жылы сағат 11:00-де ШЖҚ «ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығы» КМК мамандары «Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасы» дәрігерлерімен бірлесе дөңгелек үстел өткізбек.

Тақырыбы: «Жастар арасында АИТВ жұқпасының алдын алу».

Қатысушылар: Қарасай ауданының орта білім беретін мектепі директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары.

Ұйымдастырушылар: алдын алу жұмыстары бөлімінің эпидемиолог дәрігерлері: А.Кенжебекова, А.Сұлтанова, Қарасай аудандық білім бөлімінің маманы Н.Джомартова.

Өтетін орны: Қаскелең қаласы, А.Байжанов атындағы орта мектептің мәжіліс залы.

Спикерлер:

  1. Н.Джомартова – Қарасай аудандық білім бөлімінің маманы;
  2. Ә.Өтепбергенова - Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасының гинеколог дәрігері;
  3. Д.Таждинова – Жастар денсаулық орталығының менеджері;
  4. А.Сұлтанова – ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігері;
  5. А.Кенжебекова - ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігері;
  6. А.Акшалова - Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасының нарколог дәрігері.

 

Алматы облысы бойынша 28.02.2022ж. эпидемиологиялық жағдай: Облыстық ЖИТС орталығына АИТВ жұқпасымен 4080 адам тіркелді, оның ішінде қайтыс болғандарды санамағанда Қазақстан азаматтары – 2622.  

 

 Баспасөз  хатшысы Г.Т.Шонабай

8 747 1632925