2022 жылдың 15 сәуірінде Алматы облыстық ЖИТС орталығы Талдықорған бөлімшесінің маманы Ж.Саутбеков Көксу ауылшаруашылық колледжінде дәріс өткізді.
Студенттер маманмен бірге диалог форматында эпидемиологияның (берілу жолдары, факторлары, механизмдері) және АИТВ-инфекциясын емдеудің өзекті мәселелерін талқылады. Ж.Саутбеков жұқтырудың алдын алу жөніндегі іс-әрекеттерге, сондай-ақ иммун тапшылығы вирусымен өмір сүретін адамдарды кемсітуге жол бермеуге ерекше назар аударды.
Кездесу барысында студенттер АИТВ және ЖИТС мәселелері бойынша консультативтік көмекке қайда жүгінуге болатынын және АИТВ-ға тестілеуді қайда тапсыруға болатынын білді.
Қамтылуы: 52 студент, 9 оқытушы.
https://www.almaty-obl-aids.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/1274-dialog-formatynda-tken-d-ris#sigFreeIdf22bf079de