26 сәуір 2022 жылы ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығы мамандары Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасы дәрігерлерімен бірлесе «Жастар арасында АИТВ жұқпасының алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелді Қарасай аудандық білім бөлімінің маманы Н.Джомартова кіріспе сөзбен ашты. Репродуктивті денсаулықты қорғау және ерте жүктіліктің алдын алу жайлы Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасының гинеколог дәрігері Ә.Өтепбергенова баяндама жасаса, осы аурухананың нарколог дәрігері А.Акшалова вейп және электронды темекінің зиянына тоқталды.
ЖИТС орталығының мамандары А.Сұлтанова мен А.Кенжебекова облыстағы эпиджайдайды, АИТВ, стигма мен дискриминацияның алдын алу барысын түсіндірді.
АИТВ жұқпасын алдын алудағы жастар денсаулық орталығының атқаратын рөлі жайлы Қарасай аудандық Жастар денсаулық орталығының менеджері Д.Таждинова өз пікірін тұжырымдады.
Іс-шараға қатысқан Қарасай ауданының орта білім беретін мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары дәрігер мамандарға сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды.
https://www.almaty-obl-aids.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/1277-arasaj-audany-d-rigerlerimen-d-gelek-stel-tti#sigFreeIda4041e0ba8