Created: 29 Сәуiр 2022
198

«Денсаулығыңызға жауапты болыңыз!»

Талдықорған бизнес, құқық және жаңа технологиялар колледжінде оқытушылар мен студенттер арасында «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында семинар өтті.

Семинарды Алматы облыстық ЖИТС орталығы Талдықорған бөлімшесінің эпидемиологы Ж.Сауытбеков пен эпидемиологкөмекшісі И.Баймолданов жүргізді.

Жастардың өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру мақсатында мамандар АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайын, таралу жолдары мен алдын алуды түсіндіретін ақпараттық парақшалар таратты, стигма мен кемсітушілік ұғымдарын, салауатты өмір салтын сақтаудың маңыздылығын ұқтырды.

Шараға 58 адам қамтылды.