Created: 29 Сәуiр 2022
210

Өзіңді қорғау үшін мұны білу керек

2022 жылдың 28 сәуірінде АО ЖИТС орталығына қарасты Талдықорған бөлімшесінің мамандары №18386 әскери бөлімінің жеке құрамымен және әскери қызметшілерімен «АИТВ және ЖИТС-ті тоқтат! Өзіңді қорғау үшін мұны білу керек» тақырыбында семинар өткізді.

Алдын алу бөлімінің дәрігер-эпидемиологы Ж.Сауытбеков өз сөзінде 01.03.2022 жылғы Қазақстандағы және облыстағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайына тоқталды. АИТВ-инфекциясының негізгі таралу жолдары, оның клиникалық көріністері және қорғаныс шаралары туралы айтты.

Семинарға 55 адам қатысты.