Бүгін Алматы облыстық ЖИТС орталығы алдын алу бөлімінің мамандары Жамбыл аудандық орталық ауруханасы дәрігерлерімен бірлесе дөңгелек үстел өткізді.
Жастар арасында АИТВ жұқпасының алдын алуды мақсат тұтқан іс-шараға Жамбыл ауданының орта білім беретін мектепі директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Ұзынағаш ауылындағы Абдолла Қарсақбаев атындағы орта мектептің мәжіліс залында өткен кездесуді аудандық білім бөлімінің маманы А.Зейнеллаева кіріспе сөзбен ашты. Одан соң жасөспірімдер арасында қолжетімді психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу турасында аудандық орталық аурухананың нарколог-психиатры Г.Дүйсебаева, кәмелетке толмаған қыздар арасындағы ерте жүктілік жайын осы аурухананың гинеколог дәрігері А.Жылыспек жайып салды. Ал Жастар денсаулық орталығының меңгерушісі, психолог А.Сабыралы ауданда жастар үшін атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
ЖИТС орталығы мамандары А.Сұлтанова мен А.Кенжебекова АИТВ жұқпасы туралы негізгі мәліметтермен ақпараттандырып, стигма мен кемсітушілікке жол бермеу керектігін алға тартты. Қатысушылар жастар денсаулығына жауапты мамандарға сұрақтарын қойып, алдағы жоспарларын бір пысықтады.
https://www.almaty-obl-aids.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/1286-zhambyl-audanynda-d-gelek-stel-tti#sigFreeIdb465189b8b