Created: 15 Қараша 2022
300

1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні

1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні.

Биылғы ұран – «Теңдік уақыты!»

 

Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Бұл күні бүкіл әлемдегі адамдар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету үшін бірігіп, ЖИТС-пен байланысты аурулардан қайтыс болғандарды еске алады.

Алғаш рет 1988 жылы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні жаһандық денсаулық сақтау тақырыбындағы алғашқы халықаралық күн болды. БҰҰ агенттіктері, мемлекеттер және азаматтық қоғам жыл сайын АИТВ-ға қатысты белгілі бір мәселелерге арналған науқанды өткізу үшін күш біріктірді.

Елімізде іс-шаралар 21 қараша - 1 желтоқсан аралығында өткізіледі. Биылғы ұран «Теңдік уақыты!» деп аталды. Осы онкүндік ішінде ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығы алдын алу бөлімінің мамандары төмендегідей іс-шараларды жоспарлап отыр:

▪ Арнаулы оқу орындары студенттерімен Ашық есік күні мен бейнечеллендж;

▪ Талдықорған қаласындағы Сервис пен технология колледжінің студенттерімен семинар-тренинг;

▪  Талдықорған гуманитарлы-техникалық колледжі студенттерімен дебат;

▪ І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті студенттерімен дөңгелек үстел; 

▪ Халықтың негізгі топтары үшін Ашық есік күні және аудандық ауруханалар,  ішкі істер қызметкерлері, тұрғын халықпен акциялар.

Бұл күні әлемнің барлық өңірлерінде ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Көптеген адамдар қызыл бау тағатын болады - бұл АИТВ-мен өмір сүретін адамдармен байланыстың, хабардарлықтың, оларды қолдаудың және ынтымақтастықтың халықаралық символы. АИТВ жұқтырған адамдар өз өмірінің маңызды тақырыптары бойынша айтуға мүмкіндік алады. АИТВ-мен өмір сүретін адамдар тобы және ЖИТС-ке қарсы күреспен айналысатын басқа да қоғамдық ұйымдар өздері жұмыс істейтін қауымдастықтарды қолдау және қаражат жинау бойынша күш-жігерді жұмылдыратын болады.

Бұл іс-шараларды тек ресми органдар ғана емес, ең бастысы, қауымдастықтар да өткізеді. Сол арқылы адамдар мен үкіметтерге АИТВ-мен күрестің әлі де аяқталмағанын, оның өзектілігін еске салады. АИТВ-ның адам өміріне әсері туралы хабардарлықты арттыру, стигма мен кемсітушілікті жою және АИТВ жұқтырған адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін ЖИТС-ке қарсы жүйеге қосымша қаржы ресурстарын тарту мәселесі әлі де маңызды мәселе болып қала бермек.

ЮНЭЙДС әрқайсымызды ЖИТС-ке қарсы күресте ілгерілеуге кедергі келтіретін теңсіздіктермен күресуге шақырады. Себебі АИТВ-мен күресудің төрт онжылдығында тестілеу, емдеу және презервативтерді пайдалану сияқты ең негізгі қызметтерді ұсынудағы теңсіздік әлі де сақталып отыр. Халықтың негізгі топтарындағы адамдардың тек үштен бірі, соның ішінде ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсетін гейлер мен басқа ер адамдар, трансгендерлер, есірткі қолданатын адамдар, секс-бизнес қызметкерлері және тұтқындар алдын-алу құралдарына тұрақты қол жетімділікте. Халықтың негізгі топтары криминализация, кемсітушілік және стигманы қоса алғанда, елеулі құқықтық кедергілерге тап болуда. Біз қай жерде болмасақ та, теңсіздікті жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек.

 

ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес

жөніндегі Алматы облыстық орталығы

баспасөз хатшысы Г.Т.Шонабай,

87471632925, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.